Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида»
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар»
6. «Братья-мусульмане»
7. «Талибан» қозғалысы
8. «Боз гурд»
9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»
10. «Лашкар-е-Тайба»
11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё»
14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

XIІ. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

20.  «Ислам мемлекеті».

21. «Ан-Нусра фронты».

«Аль-Каида», сонымен қатар «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

«Асбат аль-ансар». Штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б. Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындайды.

«АУМ Синрике» («Алеф») 1984 жылы ақпан айында құрылған Жапондық діни секта. 1989 жылы «АУМ Шинрикио Культ» діни корпорация ретінде Жапонияда ресми түрде тіркелген. Өткен ғасырдың 90 жылдарында осы сектаның өкілдері Австралияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Тайванда және Шри-Ланкада болды.

«Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр» ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды.

«Мұсылман бауырлар» трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл - Банна тарапынан құрылды. 1950 жылдары Сейіт әл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие болды.

«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» басқаша атауы – «Исламдық жихад тобы». Халықаралық лаңкестік Аль-Каида ұйымына қосылған «Өзбекстандағы ислам қозғалысының» жауынгерлерінен құрылған.

«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», сонымен қатар басқа атаулары «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Аллах партия». 90 жылдарда сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» террористік діни ұйымын құрды.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» (әрі қарай - ӨИҚ), «Өзбекстанды азат етуші исламдық қозғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. Ұйымды 1992 жылы Т. Юлдашев экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдар қатарына тарту арқылы құрды.

Түркістанның ислам партиясы (әрі қарай - ТИП) олардың «Түркістанның жамағаты» деген атауы бар. 2004-2005 жылдары Пәкістанның Вазиристан провинциясында «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» халықаралық террорлық ұйымның орнына қайта жасақталған.

.