Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі

«Аль-Каида»

«Аль-Каида», сонымен қатар «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

Халықаралық террорист Усама бен Ладенмен 1990 жылы Ауғанстанда кеңес әскере қарсы күрескен моджахедтерді қолдау және 1996 жылдан бастап, У.б.Ладенмен АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қарсы «қасиетті соғыс» (жихад) жарияланды.

1998 жылы 7 тамыз Найроби қаласында (Кения) және Дар-эс-Салам қаласында (Танзания) американдық елшіліктердегі жарылыстарды, 2000 жылы қараша айында Йеменде «Коул» американдық эсминціне шабуылды, сонымен қатар АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық актіні қоса алғанда, ең ірі террорлық актілер «Аль-Каиданың» есебінде.

«Аль-Каиданың» басты мақсаты-исламдық және көптеген исламдық емес мемлекеттердің аумақтарын біріктіретін, утопиялық мемлекеттін орнату арқылы бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен «Аль-Каида» террорлық ұйым деп танылып және сәйкес халықаралық санкцияларды қолдау үшін мерзімі ұзартылған тізімге қосылған. «Аль-Каида» ұйымына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей және Өзбекстан елдері тыйым салған.

.