Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі

«Боз гурд»

«Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр» ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды.

1968 жылы «Боз гурд» ұйымы басқа ұлтшыл түрік ұйымдарымен бірігіп альянс құрды, кейіннен бұл альянстың негізінде Ұлттық қозғалыс партиясы құрылды. Партияның ұстанымы радикалды идеялардан тұрды.

1974-1980 жылдар арасында қоғам қайраткерлерін, саяси партия жетекшілерін, журналистерді өлтірмен және қоғамдық орындарда, қалалық көпіктерде жарылыстар ұйымдастырумен айналысты.

1977 жылы мамыр айында Стамбул қаласында ереуілге шыққан халыққа оқ жаудырып 40 адамды өлтірді. 1978 жылы желтоқсанында бір топ жанкешті Кахраманшехир қаласында діни рәсімнің үстінде 101 адамды өлтіріп, мыңға жуық адамды жарақат таған. 80 жылдары бұл ұйымның әрекеттері экстремистік және заңсыз деп табылды.

Бұған қарамастан 1988 жылы А. Тюркеш «Ұлттық жұмысшылар партиясын» құрды. 1992 жылы ұйымның құрылымы екіге бөлініп кетті. Бөлінген екінші топтан радикалды бағыттағы жанкештілер шықты. Ұйым дүниежүзіне 90 жылдары ұйым мүшесі А. Агджи тарапынан католик шіркеуінің папасы Иоанн Павел ІІ-ге жасалған қастандықтан кейін танымал болды.

90 жылдардың басында «Боз гурд» ұйымы қызметінің ауқымы кеңейді. Бірегей түрік мемлекетін құру идеясынан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ұйым мүшелері тарапынан елімізге келіп, жасырын жиналыстар ұйымдастыру фактілері тіркелген.

Сонымен қатар, Түркияда оқып жүрген студенттерді аталмыш ұйым қатарына тарту оқиғалары кездескен. Бұл ұйымның қызметіне Түркия мен Өзбекстанда тыйым салынған.

.