Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі

«Өзбекстанның ислам қозғалысы»

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» (әрі қарай - ӨИҚ), «Өзбекстанды азат етуші исламдық қозғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. Ұйымды 1992 жылы Т. Юлдашев экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдар қатарына тарту арқылы құрды.

Ұйым мүшелерінің көбісі 90 жылдардың басында Өзбекстанның Наманған облысында билікті күшпен басып алуға қатысқан және сол елдің құқық қорғау органдарынан қашып жүрген содырлар.

ӨИҚ-тың басты көсемдерінің бірі Ж. Ходжиев (Джума Намангани деген аты да бар), оның көзі 2001 жылы халықаралық тәлібтерге қарсы коалициясының күшімен жойылды.

ӨИҚ негізгі мақсаты Өзбекстан Ресбуликасындағы конституциялық билікті құлатып, орнына ислам мемлекетін құру. 1997 жылы «Талибан» ауған қозғалысы және «Аль-Каида» тарапынан қолдау тапқаннан кейін, ӨИҚ қарулы содырлары Ауғанстанның солтүстік аймақтарында шоғырланды.

Аталған халықаралық қозғалыс құрылымдарының көсемдері Усама бен Ладен және молла М. Омардың ықпалмен ӨИҚ Өзбекстан үкіметіне қарсы жихад жариялады. Одан басқа Орталық Азия елдеріндегі радикалды ұйымдардың басын қосып өз қарамағына енгізу жоспарын құрды.

2001 жылы қозғалыс мүшелері шамамен 2000 адамды құрады.

ӨИҚ-тың соғыс тәжірибесі мол. Ұйым мужахеттері 1992-1997 жылдары Тәжікстанда қарулы оппозиция жағында белсенді түрде соғысты. 1997 жылдан бастап Ауғанстанда тәлібтер және «Аль-Каида» жағында Ахмад Шах Масуд басқарған «Солтүстік альянс» және ұлты өзбек генерал Достумға қарсы соғыс жүргізді.

1999 жылы ақпан айында ӨИҚ содырлары Ташкент қаласында 6 жарылыс ұйымдастырған, нәтижесінде жалпы саны 20 адам қайтыс болды. 1999 және 2000 жылдары ӨИҚ содырлары екі мәрте Тәжікстан арқылы Қырғызстанның Баткен облысында және Өзбекстанның Ферғанасында аталған елдердің әскерімен қарулы қақтығыстар жүргізген.

2001 жылы АҚШ-тың Ауғанстанда террорға қарсы көлемді операциясынан кейін ӨИҚ жағынан төнген қатер азайды. «Талибан» қозғалысы қолдау берген ӨИҚ жағынан Орталық Азияға бағытталған қатерді әлсіретті. Осы операциядан кейін ӨИҚ өз күштерінің айтарлықтай бөлігін және техникаларын жоғалтты.

Бірақта, ӨИҚ көсемдері ұйымның негізін сақтап қалып және қайта құру үстінде. ӨИҚ содырларының басым көпшілігі Пәкістанның солтүстік-батыс аймақтарында орналасқан.

ӨИҚ «Аль-Каида» және «Талибан» қозғалыстарының тікелей қарамағында болғандықтан оның содырлары АҚШ басқаратын халықаралық коалицияға қарсы Ауғанстанда әлі де соғыс қимылдарына қатысып жүр.

Қазақстан Республикасында ӨИҚ мүшелері бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының аумағында жасырынып шоғырланбақшы болды.Одан басқа, осы территорияда өз ұйымдарына жақтастарын тартып, террорлық акциялар жасамақшы болды.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» бірыңғай халықаралық тізімде террорлық ұйым ретінде тіркелген. ӨИҚ қызметі Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінде тыйым салынған.

.