Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

20 қыркүйек 2013

2013 жылдың 18-19 қыркүйек аралығында Үкімет мүшелерінің «Нұр Отан» ХДП жаңа стратегиялық құжаттары жобаларын өңірлерде талқылау аяысында ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғ.Н. Шойкин «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жезқазған қалалық филиалы XIV конференциясының жұмысына қатысты. 

Конференция барысында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жаңа міндеттері туралы «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан» Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси Доктринасына қатысты мәселелер қаралып, облыстың партиялық конференциясына делегаттар сайланды.

Ғ.Н. Шойкин өз сөзінде «Нұр Отан» Партиясы халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік органдар тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндады және «Қазақстан-2050» стратегиясысын жүзеге асыру жолында партия мүшелеріне жаңа міндеттер жүктеліп отырғанына кеңінен тоқталды. Мемлекет пен азаматтың өзара байланысын жетілдіру керектігін, «Нұр отан» ХДП тарихи жауапкершілігін атап өтті.

Ғ.Н. Шойкин партия кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдады, оның барысында шетелдік миссионерлер қызметіне қатысты, имамдардың жұмысының сапасын арттыруға, түрлі діни жоралғыларға ортақ талап қоюға байланысты және оқу орындарда діни киім - кешектер кию жөніндегі сауалдарға жауап берді.

Ғ.Н. Шойкин өңірдің жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындары тәрбие жұмыстары жөніндегі басшыларымен кездесіп, Дін істері агенттігі жұмысы туралы айтып, қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Жиынға 37 адам қатысты.

Осыдан кейін Ғ.Н. Шойкин тарихи-археологиялық мұражай жұмысшылармен кездесті. Мұражай ұжымы ҚР еңбек сіңірген жұмысшысы, мәдениет қайраткері, Қазақстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі, ҚР журналистер одағының мүшесі З.С. Чумаковомен кездесіп, өңір тарихымен, мұражайға әкелінген жаңа жәдігерлермен танысты. Өз кезегінде Ғ.Н. Шойкин дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы, Дін істері агенттігінің жұмысы жайлы айтып берді. Жалпы алғанда мәдениет және руханиат тақырыптарына қатысты жақсы пікір алмасу өтті. 

.