Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

20 ақпан 2014

2014 жылы, 19-20 ақпан аралығында Дін істер агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын насихаттап, таратуды мақсат еткен республикалық ақпараттық-насихат тобымен бірге Шығыс Қазақстан облысының халқымен жүздесті.

Алғашқы кездесу Зырян қаласының тұрғындарымен өтті. Жиынға 256 адам қатысты. Кездесу барысында Ғ. Шойкин Елбасының жыл сайынғы жолдауларының стратегиялық бағытын, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді өз әңгімесіне арқау ете отырып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Бұл шараға Зырян ауданының әкімі Е.Б. Салимов, облыстық дін істер басқармасының басшысы М.А. Мұхамеджанов, әлеуметтік топ өкілдері, ардагерлер, зейнеткерлер, жастар мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жұмысқа еш мүмкіншілігі жоқ құлақ, тіл мүкістігі барлардың жәрдемақысын көтеру және бүкіл өмірі өз ата-аналарының қолына қарайтын мүгедек балалардың жәрдемақысын 18 жасқа толғаннан кейін де жалғастыру мәселелері көтерілді. Осы сияқты мәселелердің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде көтеру ұсыныстары айтылды.

Кездесу соңы «Нұр Отан» партиясының Зырян қаласындағы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау пункітінде азаматтардың мәселелері қаралатын қабылдауларға ұласты. Азаматтардың барлық өтініштері мен сұрақтары назарға алынып, оларға шешімді жауаптар ұсынылды. Нәтижесінде Астанадағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Парламент депутаттарына әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша екі жазбаша үндеу алынды.

Сол күні түстен кейін «СЗНП» ЖШС (Серебрянск қаласы) ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Зауыттың 46 жұмысшысымен өткен кездесу де сұрақ-жауап форматында өрбіді.

20 ақпан күні Ғ. Шойкин республикалық ақпараттық-насихат тобының бағдарламасына сай насихат жұмыстарын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жалғастырды. Кездесуге Өскемен қаласындағы 3 ЖОО мен 7 колледждің студенттері қатынасты. Ашық, әңгімелесу түрінде өткен кездесуде Ғ. Шойкин мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар, деструктивті діни ағымдар қаупі, діни-экстремистік ұйымдар тарапынан келетін арандатушылыққа жол бермеу сияқты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға 500 студент қатысып, 19 сұраққа тұшымды жауап алынды.

Сол күні Ғ. Шойкин ШҚО-ның Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокий, Зырянь, Қатон-Қарағай, Ұлан, Шемонайха аудандарының діни ақпараттық-насихат топтары мүшелерімен (барлығы 80 адам) өткен семинарда сөз сөйледі.

Осыдан соң Ғ. Шойкин облыс әкімі орынбасары Ж. Омардың  басшылығымен өткен Шығыс Қазақстан облыстық діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің отырысына қатысты. Жиында сөз алған Ғ. Шойкин діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жөніндегі қалалық және аудандық кеңес қызметінің кемелдігі мен алда атқарар міндеттер турасында мәлімдемесін баян етті. Сонымен бірге бірқатар аудан әкімдерінің дін саласында атқарып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды. Аталмыш жиынға кеңес мүшелерінен өзге дін саласының мемлекеттік саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілдері қатысты. 

Сондай-ақ 20 ақпан күні Агенттік төрағасының орынбасары Ғ. Шойкинмен еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға тікелей араласатын ШҚО-дағы мемлекеттік, арнайы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Кездесуде ҚР 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасының негізінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтаудың жолдары мен бағыттары ұсынылды.

Жалпы айтқанда Шығыс Қазақстан облысындағы түсіндіру жұмыстары Елбасының соңғы жолдауын өзек ете отырып, дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты түсіндіруімен ерекшеленеді. Бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік құрылғыларындағы зайырлылық принциптеріне, халықтың діни сауатын арттыруға және қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шаралар кезінде тұрғындар да өзекті мәселелерді талқылауда, пікір білдіруде және өздерін қызықтырған мәселелер тұрғысынан ұсыныстар айтуда белсенділік танытты.

Кездесуге қатысқан азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Жалпылай алғанда, бұл кездесулерге 1000-нан астам адам қатысты.

.