Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

06 наурыз 2014

ҚР Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы Т.Ысмайылов а.ж. 5-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының 2014 жылғы 13 ақпандағы №01-38.16 бұйрығына сәйкес Алматы облысы тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мен түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері (бұдан әрі - РАНТ) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын халыққа насихаттау мен түсіндіру мақсатында Алматы облысы әкімдігі бекіткен желілік кестеге сәйкес Қаскелен қаласында Қарасай ауданы активімен кездесу өткізді. Аталған іс-шараны Қарасай ауданы әкімінің орынбасары С.М. Қиқымов жүргізді. Жиналысқа Агенттіктің жауапты хатшысы Т.Ысмайылов, Алматы облысының Дін істері басқармасының басшысы Т.Қ.Қасымберкебаев, сондай-ақ, тұрғындардың маслихат депутаттары, мектеп директорлары, еңбек ардагерлері, жастар ұйымдарының және БАҚ-дың өкілдері қатысты. Аудан әкімдігінде шараға шамамен 200-ге жуық адам жиналды.

Сонымен қатар, Т.Ысмайылов бастаған РАНТ мүшелері Қарасай аудандық өлкетану мұражайының жұмысымен танысты. Өлкетану мұражайында ауданның 20 үздік оқушысымен кездесіп, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды, оның ішінде «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы туралы жан-жақты ақпарат берді.

РАНТ "Нұр-Отан" партиясының Қарасай аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдауды ұйымдастырды. Аталмыш шараға партияның саяси кеңес мүшелері мен аудан жастары қатысты. Мәліметтер бойынша аудандық партия ұйымында 8000 мүше, 26 насихаттық топ бар.

Содан кейін, РАНТ Алматы өңіріндегі аудандық "Қарасай батыр" мешітіне барып, аудан имамдарымен кездесті. Кездесу барысында Т.Ысмайылов және Ұ.Бархынова имамдарға РАНТ-ның мақсаттары мен қызметін түсіндіріп, топ мүшелерін таныстырды. Келесі сөз кезегін алған Алматы өңірінің бас имамы Ә.Қ.Аташов Дін істері агенттігіне алғыстары мен тілектерін білдіріп, Қазақстан мұсылмандарының бірлігі мен ынтымақтастығын арттыру және елімізде конфессияаралық қарым-қатынастарды күшейту аясында Агенттік пен ҚМДБ арасында тығыз байланыстар орнағандығын, бірлесе қызмет жасаудан жемісті нәтижелерге қолжеткізіп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ Бас мүфти Е.Малғажыұлы ағымдағы жылды "Дін мен дәстүр" жылы деп жариялағандығын айтты. Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы өз тарапынан аудан имамдарының қызметтеріне табыс тілеп, Агенттіктің осы саладағы жобаларға қызығушылық танытып жатқандығын атап көрсетті. Кездесудің соңында облыс имамы келген қонақтар мен барлық жиналғандарға алғысын айтып, Т.Ысмайыловқа «Дін мен дәстүр» атты кітапты сыйға тартты.

.