Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

30 қараша 2014

Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.К. Кулекеевтің Батыс Қазақстан облысындағы ақпараттық жұмысы туралы

2014 жылғы 28-29 қараша күндері Елбасы Жолдауын Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша құрылған Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.К. Кулекеев және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Т.Р. Нығметов облыстың Сырым ауданының бірқатар елді мекендерінде, соның ішінде Жымпиты, Өлеңті, Бұлан, Бұлдырты, Алғабас ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндірді. Олар, сонымен қатар, өз салалары бойынша атқарып отырған жұмыстары жөнінде ақпараттар беріп, халық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

29 қараша күні Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудан орталығындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевпен бірге аудан активінің жиналысына қатысып, сөз сөйледі.

.