Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

15 желтоқсан 2014

2014 жылдың 11-13 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты К.Н. Бұрханов бірлесе Ақтөбе облысының Темір ауданының бірнеше елді мекендерінде ақпараттық жұмысын жүргізді.

Оның ішінде Қалмаққырған, Қопа және Шұбарқұдық елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуде Елбасы Жолдауының негізгі идеяларын түсіндіріп, дін саласындағы уәкілетті органның дін мәселелері және діни қызмет бойынша ақпарат берілді және ауыл тұрғындарының сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

А.ж. 12 желтоқсанда Қалмаққырған ауылы тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндірген болатын. Іс-шараға жалпы 40 адам қатысты.

Сол күні Темір ауданының Қопа елді мекенінің мәдениет үйінде ауыл активімен және тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты Елбасы Жолдауының стратегиялық бағыттары түсіндірілді. Бұл шараға ауыл тұрғындарынан 150 адам қатысты.

Іс-шарадан кейін РАНТ мүшелері «Балдырған» балабақшасының жұмысымен танысты.

Осы күні Шұбарқұдық ауылының «Шұбарқұдық жылу» ЖШС жұмысшыларымен және Шұбарқұдық кәсіпшілігіндегі дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралары барысында Жолдау мен дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсініктеме беріліп кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Кездесуден соң, РАНТ мүшелері Шұбарқұдық кентіндегі аудандық мұражаймен, орталық аурухана жұмысымен танысты.

Кездесулерге - мекеме, бөлім, коммуналдық кәсіпорын басшылары, аудандық депутаттар, мұғалімдер, балабақша меңгерушілері, имамдар, жастар, «Темір» аудандық газетінің журналистері қатысты.

А.ж. 13 желтоқсанда «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтерімен кездесу жалғасты.

Кездесу барысында Ғ.Шойкин Жолдаудың демократиялық үдеріс екендігін айтып, экономикалық жағын сондай-ақ, соңғы уақытта саясатқа, мәдениетке көп көңіл бөлініп жатқандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы діннің қоғамдағы рөлі, дәстүрлі құндылықтар мен тілдің маңызды екендігін сөз етіп, осы бағыттағы қызмет туралы толық және         жан-жақты ақпарат берді. Жиынға облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен дін мәселелері жөніндегі ақпарат-насихаттық топ мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысқандардың саны 60 адамды құрады.

Жалпы, іс-сапар барысында Ғ.Шойкиннің қатысуымен 5 кездесу өтіп, барлығы 400 адам қамтылды.

Аудан тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын бір ауыздан қолдайтындығын атап, өз тарапынан экономика мен қоғамның басқа да салаларының дамуына қолдан келерлік үлес қосуға дайын екендігін білдірді.

.