Шрифт өлшемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Әдеттегі болжам
Шрифт көлемі: A A A
Сайт түстері: A A A

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

"Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз."
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру

11 ақпан 2013

А.ж. 7-8 ақпанда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Шойкин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында құрылған республикалықақпараттық-насихат тобының аясында Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қапшағай қаласында 4 кездесу өткізді.

Жалпылай алғанда, бұл кездесулерге 502 адам қатысты.

Бірінші кездесу Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде өтті. Жиынға 137 адам қатысты. Олардың негізін кент тұрғындары, мешіт имамдары, «Дінтану негіздері» пәнін оқытатын орта мектеп мұғалімдері құрады.

Кездесу барысында Елбасы Жолдауының түпкі мәні, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ аталмыш құжаттағы халықтың діни сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша баяндама жасалды. Баяндамадан кейінгі жарыссөзде Сарыөзек кентіндегі №49 мектептің мұғалімі З.Смағұлова, аудандық мешіттің бас имамы С.Андақұлов және аудандық «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бірінші орынбасары Т.Жанабек сөз сөйледі.

Қатысушылар тарапынан Жолдау аясында қазіргі таңдағы дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылды. Мәселен, мемлекеттік және әскери мекемелерде дінге сенушілердің ғибадат етуі, дәстүрлі емес және теріс пиғылды ағымдар іс-қимылының жолын кесу шаралары, «Дінтану негіздері» пәнін мектептерде оқытуды жетілдіру және т.б. мәселелер көтерілді.

Екінші кездесу Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ұйымдастырылып, оған мәдениет, денсаулық сақтау саласы өкілдерінен, мұғалімдер мен бітіруші сыныптардың оқушылары, зейнеткерлер мен діндарлар  қатарынан 96 адам қатысты.

Бұл кездесуде де Елбасы Жолдауының діни сын-тегеуріндерге қатысты тұстары бойынша қызу пікір алмасу орын алып, Ғ.Шойкиннің тарапынан миссионерлік қызмет, имамдардың жалақысы, ислам банкингі, діни мейрамдар, діни әдебиеттерді тарату, сонымен бірге қоғам өрісінде діни лаңкестіктің алдын алу туралы көкейкесті сұрақтарға жауаптар берілді.

Кербұлақ ауданында өткен барлық кездесулерге аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Исабеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Момбеков, аудандық «Нұр Отан» ХДП бірінші орынбасары Т.Жанабек және де Алматы облысы Дін істері департаментінің директоры Ж.Әлімбеков қатысты.

Республикалық АНТ мүшелері Қапшағай қаласының әкімі Н.Таубаевпен де кездесіп, өз кезегінде ол шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жобаларымен таныстырды.

Бұдан бөлек, осы қалада №32363 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Жиын аясына барлығы 226 әскери қызметші тартылды. Іс-шара барысында әскери бөлімдердің тәрбие жөніндегі офицерлеріне дін саласы бойынша біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде ұйымдастыру және оларды арнайы материалдармен қамтамасыз ету қажеттілігі баса айтылып, талқыға түсті, атап айтқанда, фильмдер, роликтер, буклеттер, кітаптар және ақпараттық-насихат материалдарымен қамтамасыз етуді жолға қою мәселелері сөз болды. Сонымен қатар осы тектес ақпараттық-түсіндірушілік шараларды әралуан формаларда түрлі құраммен мақсатты түрде жүйелеп өткізу туралы ұсыныстар түсті.

Төртінші кездесу гипсокартон шығаратын кәсіпорын – «Кнауф» ЖШС-нің оқу залында өткізіліп, ақпараттық шара аясында 43жұмысшы қамтылды. Кездесу барысында мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауы, халықты жұмыспен қамту және қызметке орналастыру, жұмысшылардың әлеуметтік тұрғыда қорғалуы мен зейнеткерлік қорларды реформалау және т.б. мәселелер көтерілді.

Жалпылай алғанда, ақпараттық-насихат жұмыстарының барысында мемлекет құрылысының зайырлылығы және де халықтың діни сауаттылығын арттыру мен қоғам өрісінде діни экстремизмнің алдын алу мәселелері кеңінен қамтылды. Кездесулерде қатысушылар аса маңызды тақырыптарды талқылауға қызу қатысып, көкейлерінде жүрген түйткілдерге қатысты өзіндік ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Кездесулерде қатысушылардың барлық сауалдарына дәйекті жауаптар берілді.

Өткізілген кездесулер ақпараттық-насихаттық топтарының осы таңда мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланысты» іске асыратын әлеуметтік арнаға айналып келе жатқандығын көрсетіп берді, яғни, бұл мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясатқа ел сенімін арттыратын нәтижелі тетіктің бірі екендігін дәлелдеп отыр. Мемлекет қызметінің әралуан аспектілерін халық санасына жеткізу елдің мемлекеттегі үдерістерден жан-жақты хабардарлығын арттырып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады, адамдардың әлеуметтік оптимизіміне жол ашады, мемлекеттік органдар қызметіне оң қабақтылықты қалыптастырады, ең бастысы, мемлекет саясатын оң бағалауға бастайды.

Кербұлақ ауданы мен Қапшағай қаласының жергілікті тұрғындарымен өткізілген кездесулер көпшіліктің Елбасының стратегиялық бағдарын қолдайтындығын және де осынау айтулы құжатта жария етілген идеялардың азаматтар талап сұрауымен үйлесетіндігін көрсетіп берді. Қатысушылардың бәрі дерлік Елбасының «2050 Стратегиясына» өз қолдауларын білдіріп, оның елді шапшаң дамытуға бағытталған ең басты бағыттарының жүзеге асуына үлес қосуға әзір екендіктерін білдірісті.

Кездесулердің барлығына да БАҚ өкілдері молынан қатысып, аталмыш іс-шаралар жергілікті баспасөзде көрініс тапты.

.